Елімізде адам құқықтары қалай қорғалуда?
Биыл адам құқықтарының жалпыға бірдей декларацияcының қабылданғанына 70 жыл. Осы айтулы мерейтой қарсаңында бүгін Алматыда «Адам құқықтары, жағдайы мен жетістіктері» атты ғылыми - тәжірибелік конференция өткізілді. Жиынға еліміздің жас ғалымдары мен заң саласының мамандары қатысты.
Автор: Әсем Лесбек
07.12.2018
Осымен он екінші рет өткізіліп отырған шарада адам құқықын қорғаудың механизмдері, заңды тұрғыда халықтың сауаттылығы мен қоғамды ақпараттандыру сынды мәселелер талқыланды. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда әлемде алдымен қару-жарақ саудасы, екіншіден есірткі бизнесі, үшінші орында адам саудасы тұр. Ал бұл жағдайлар көбіне азаматтардың сауатысыздығынан туатын көрінеді. Сондықтан олар осы шара арқылы халықтың құқықтық сауаттығын арттыруды көздейді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға шетелдік мамандар мен отандық ғалымдар да келді. Ал аталмыш жобаның өтуіне Тұңғыш президент қоры мұрындық болды.
Жолдасбек Нүсенов, Caspian University ректоры:
- Әйел құқықтары, балаларды қорғау құқықтары секілді мәселелерді талқылап жатырмыз. Әлеуметтік қорғау түйткілі тағы бар. Бір шешім болады деп ойлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!