Еліміздің күй қоржыны тағы бір туындымен толықты
Бүгін Астанада «Қошқар ата» күйінің тұсауы кесілді.
Автор: Досжан Маратұлы
07.12.2018
Ол Елбасының жуықта жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналып отыр. Сондықтан күй ел мен жердің тарихын терең баяндайды. Шығармашылық топ оны домбыраның үнімен жеткізген. Ал, туындыны талай байқаулардың жеңімпазы атанған талантты музыканттар орындайды. Әрі рух пен жігерге толы күйге арналып мультипликациялық бейнебаян да түсірілген. Онда Ұлы далада өмір сүрген қазақ халқы мен жаудың бетін қайтарған батырдың бейнесі көрсетілген.
Ілияс Нарқозиев, шығармашылық топ жетекшісі:
-Қошқар ата күйі бұл бірегей шығармашылық туынды. Жалпы бұл көп ізденісті көп еңбекті қажет етті. Идея авторы профессор, филантроп Оралбек Қожамжарұлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!