«Дау-дамайсыз» үздік деп танылды
«КТК» тағы топ жарды! «Дау-дамайсыз» бағдарламасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жаңару» бірлестігі өткізген байқауды жеңіп алды.
Автор: Досжан Маратұлы
07.12.2018
Жемқорлыққа қарсы күрескен «үздік мемлекеттік қызметкер», «карикатура», «қоғамдық бақылаушы» және БАҚ өкілдері арасында 5 аталым бойынша мықты анықталды. Осылайша, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі Гүлмира Әбіқай ондаған журналистің арасынан суырылып шығып үздік атанды. Бағдарлама «КТК» арнасында 2 жылдан бері эфирге шығып келеді. Осы аралықта хабар журналистері теперіш көрген адамдарға қол ұшын созып әлеуметтік мәселелерін дау-дамайсыз шешіп берді. Ендеше әр жексенбі сайын 18-30-да көрсетілетін бағдарламаны жіберіп алмаңыз.
Гүлмира Әбіқай, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының редакторы:
-Біздің бағдарламаның мақсаты да сол. Заңсыздыққа жол жоқ дейміз. Оны бәріңіз білесіздер. Сондықтан заңсыздық болмасын. Болса, бірге әшкерелейміз. Дау бар жерде дамайсыз шешім бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!