{metadescription}
Жамбыл облысында жыртқыш аңдар тиелген жүк көлігі аударылып қалды
Жамбыл облысында жыртқыш аңдар тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Жамбыл облысында жыртқыш аңдар тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Жамбыл облысында қолға үйретілген аңдар тиелген жүк көлігінің тіркемесі аударылып, ішіндегі жыртқыштар бастырылып өле жаздады. Жануарлар дереу жеткен төтеншеліктердің арқасында аман қалған. Ал құтқару шарасы екі жарым сағатқа созылды.

Түркістан облысынан келе жатқан цирк аңдары тиелген жүк көлігінің тіркемесі Жуалы ауданының Күйік асуында аударылыпты. Төңкерілген техникада ұрғашы кәрі арыстан мен еркек жолбарыс болған. Бұл жануарларды құтқару оңайға соқпады. Тіркемені қайта тұрғызып, есігін ашуға мүмкіндік болмаған соң, темір қоршауды кесу біраз уақыт алды. Оның үстіне мазасызданып, мінез көрсете бастаған жыртқыштарды көліктен көлікке секірту қиындық туғызды. Бірақ көпке дейін аң патшасына жақындауға жүректері дауламаған мамандар ақыры ебін тауып, бұларды арнайы темір торға ауыстырды. Хайуандарға еш зақым келмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде