{metadescription}
Алматы әкімі қаңқу сөзден әбден қажып біткенін айтты
Алматы әкімі қаңқу сөзден әбден қажып біткенін айтты

Алматы әкімі қаңқу сөзден әбден қажып біткенін айтты

Алматы әкімін қаңқу сөз әбден қажытыпты. Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Бауыржан Байбек «ақылы автотұрақтар оның отбасына тиесілі» және «бордюр шығаратын зауыты бар» деген алып-қашпа әңгіменің құлағына жеткенін айтты. Қала басшысы мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, ол енді шаһарды көркейтуді қолған алған мердігерлерге құрылыс материалдарының қайдан алынатынын жариялатпақшы.

Әкімнің баяндамасы оптимизмге толы. Мысал үшін, мақтана айтқан жетістіктерінің бірі – биыл алматылықтардың арасында жұмыссыздық 0,1 пайызға азайған. Ендігі шаруа -атауы қайталанатын көшелер. Мәселен, бір Алматыда 13 Абай атындағы, 12 Жамбыл көшесі бар. Енді олардың орнына Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Герольд Бельгер сынды тұлғалардың есімдері берілмек.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- «Алғабас» ауданы» деген атау бес рет қайталанады. Ойлап көріңіз, үйге жедел жәрдем, полиция немесе қонақ шақырасыз, ал олар үйіңізді таппай жүреді. Қазір оның бәріне жаңа атаулар беріп жатырмыз. Аты қойылмаған әлі 188 көше бар.

Шын мәнінде әкімді әбден шаршатқан қауырт жұмыс емес, қаңқу сөз. Мысалы, қаладағы ақылы автотұрақтар әкімнің отбасына тиесілі деген сөз Бауыржан Байбектің өзіне де жетіпті. Өзі оны өтірік дейді. Айтуынша, біреулер осындай әрекеттермен әкімдікке қысым көрсеткісі келеді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Қоршауларды алып жатсақ, «әкім темір сатып жатыр» дейді. Заңсыз дүңгіштектерді алдырсақ, «әкім өзінікін қояйын деп жатыр» дейді. Көшелерді жөндеуді бастап едік, «бордюр шығаратын зауыт әкімдікі» деп шықты. Сондықтан, мердігерлерге құрылыс материалдарын қайдан алып жатқандарын жариялап отыруды тапсырдық.

- Әкімнің сөзіне қарасақ, Алматының саудагерлеріне тығырық тірелейін деп тұр. Еліміздегі интернет арқылы жасалатын электронды сауданың жартысынан астамы оңтүстік астанаға тиеді. Алайда сауда орындарының тек жартысында сатушылардың кассалық аппараттары жоқ. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін салық қызметкерлері полициямен бірігіп жұмыс істемек. Яғни, саудагерлерге не айыппұл салады, болмаса дүкенін жауып тынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде