{metadescription}
«Бала дауысы» байқауын қостанайлық жеткіншек жеңіп алды 
«Бала дауысы» байқауын қостанайлық жеткіншек жеңіп алды 

«Бала дауысы» байқауын қостанайлық жеткіншек жеңіп алды 

Бала дауысы ұлттық ән байқауы мәресіне жетті. Өнер додасына 4 мыңға тарта бала қатысқан еді. Солардың ішінен Қостанай облысының тумасы, он жастағы Исатай Болатхан топ жарды. Ол енді Париждегі «Дисней лендке» сапар шегеді. Ең бастысы –мектеп бітіре салысымен ол Қазақ ұлттық өнер академиясына грантқа түсе алады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шара Тұңғыш Президент қоры мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп отыр.

«Бала дауысы» ұлттық ән байқауының жылдан жылға ауқымы ұлғайып келеді. 3756 бала жыл бойы гала-концертте ән айтуға барын салды. Солардың ішінен тек 19-ы ғана лайық деп танылған. Негізі шырқалған ән 18. Тек ішінде бір әнді Дина мен Дана есімді қостанайлық егіз орындайды. 

Ән байқауының соңғы іріктеу кезеңі мамыр айында өткен болатын. Финал қатысушылары содан бері 6 ай бойы дайындықтарын пысықтады. Үздіктердің үздігін таңдау қазыларға да қиын соққаны анық. Өйткені, сахнаны әрлеу, киім үлгілері, балалардың өз-өзін ұстауы мен ән айту шеберлігі бір-бірінен кем түспейді. 

Қуанышы қойнына симаған Исатайдың көзі жасқа толды. Өйткені, бір сәттік ән айту үшін жыл бойы талмай еңбектенді. 

Исатай Болатханұлы, «Бала дауысы – 2019» ұлттық ән байқауының жеңімпазы: 

-Біз оны негізі Алматыда екі апта болған кезде съемка болғанда оны айтқан болатынбыз.Болашақта тағы осындай балаларды қуантатын сайыс ойлап тапқым келеді. 

Байқау балалардың қуанышы болғанымен, оны ұйымдастырудың үлкендер үшін де өзіндік мәні бар. Өйткені, бұл бейбітшілікті насихаттаудың жарқын үлгісі. 

Әлия Назарбаева, «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы: 

- Біз қазір материалдық құндылықтар басты орынға шыққан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, «Бала дауысы» сынды жобалар бізге өте қажет деп ойлаймын. Құрметті, балалар! Әрқайсыңның қайталанбас өз ерекшеліктерің бар. Мен сендермен мақтанам. Бір-біріңді құрметтеп, Отан үшін қызмет етулеріңді тілеймін. 

Көрермен қауым онлайн дауыс беру арқылы маңғыстаулық Ділназ Тілепованы «Халық сүйіктісі» деп таңдаса, үшінші орын шығысқазақстандық Мәулен Ахметқалиевқа бұйырды. Екінші орында алматылық Темірлан Өсімқұл болса, бірінші орын Солтүстік Қазақстан облысынан келген Әмина Жапардың еншісінде. Ол енді Мәскеудегі балалар ән байқауына қатысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде