{metadescription}
Теміртауда кранның кабинасы опырылып, ішіндегі әйел жазым бола жаздады
Теміртауда кранның кабинасы опырылып, ішіндегі әйел жазым бола жаздады

Теміртауда кранның кабинасы опырылып, ішіндегі әйел жазым бола жаздады

Теміртаудағы метталургилық комбинатта аспалы кранның кабинасы опырылды. 15 метр биіктікте салбырап қалған кабинадан кранды басқаратын әйелді құтқарушылар әрең дегенде түсіріп алған.

- Может прыгнуть?

- Не, не надо прыгать, ногу сломаешь.

Краншы әйелдің құтқарушылар келгенше тағаты таусылатын жөні бар. Биікте жіңішке темірге ғана ілініп калған кабина үзіліп түсуі мүмкін еді. Әйтеуір, комбинаттың қауіпсіздік қызметі келіп, келіншекті жерге аман есен түсіріп алды.  Естеріңізге салсақ, мекемеде осыдан бір ай  бұрын жарылыс боп, бірталай құбырдың талқаны шыққан. Мынау сол құбырларды тасымалдап жүрген ірі кранның бірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде