{metadescription}
Елімізде телеграмма жолдау құнының еселеп өсуі депутаттардың ашуын келтірді
Елімізде телеграмма жолдау құнының еселеп өсуі депутаттардың ашуын келтірді

Елімізде телеграмма жолдау құнының еселеп өсуі депутаттардың ашуын келтірді

Қол жетпейтін жеделхат! Елімізде телеграмма жолдау құны 169 есеге қымбаттаған. Депутаттар жаңа бағадан шошып отыр.

Ирина Аронова, Мәжіліс депутаты:

-Жеделхат жіберу қызметі «Қазақтелекомның» қарамағына өтті.  Артынша хат жолдау құны да бірнеше есеге қымбаттап шыға келді. Егер бұрын қарапайым адамдар  үшін  бір сөздің бағасы 4 теңге болса, қазір 657 теңге. Сонда 169 есеге өскен. Жақында 40 сөзден тұратын жеделхатты 30 мың теңгеге жібердік.

Қайта қазір жұрт жеделхат жазбайды. Бұл қызметті тек компания, мекемелер пайдаланады екен. «Қазақтелеком» басшылығы да смартфон тұрғанда жеделхат жазатын ешкім қалмады деп жайбарақат.  Ал  хат жіберу қызметін  Үкімет мүлдем қадағаламайды. Қалай болғанда да  депутаттар тарифті төмендетуді талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде