Елімізде жолақы құны арзандайды
Елімізде жолақы құны арзандайды. Тарифтерті реттеуді қолға алған Ұлттық экономика министрлігі, пәтер иелері коперативі мен лифт қызметінің ақысы да төмендейтінін айтып сендіріп отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
10.12.2018
Бірақ, бағаның нақты қаншаға арзандайтыны әзірге нақтылануда. 5-тен 20%-ға дейін төмендейтіні белгілі. Сондай-ақ, Ұялы байланыс операторлары да жаңа жылдан бастап интернет құнын 50-пайызға азайтатын болды. Жалпы монополистердің бағаны түсіруі бекер емес. Жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатқан комитет бұған дейін жылу,газ, су мен жарық тарататын 40-тан астам компанияның бағаны негізсіз өсіргенін анықтаған болатын. Яғни, 30 миллиард теңгеге жуық ақшаны тұтынушылардан заңсыз жинаған. Енді монополистер тарифтерді төмендету арқылы сол қаржыны жұртқа бір жыл ішінде қайтарып берулері керек.
Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Мысалы тарифтің деңгейі 1000 теңге болса, сол тарифтен заңсыз алынған ақша алын тасталады. Мысалы 800,900,700-ге арзандауы мүмкін. Осы аптаның соңына дейін тағы 15 субьектінің тарифтерін 2,7 миллиардқа төмендетеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!