{metadescription}
Ақмола облысында жылусыз қалған тұрғындар бір-бірімен төбелесіп қалды
Ақмола облысында жылусыз қалған тұрғындар бір-бірімен төбелесіп қалды

Ақмола облысында жылусыз қалған тұрғындар бір-бірімен төбелесіп қалды

Ақмола облысының Макинск қаласында тұрғындар пәтерлеріне жылу жетпей, қызыл кеңірдек болып өзара төбелесіп жүр. 2 қабатты 7 үй қыс түскелі жөнді жылытылмайды. Әкім қаралар мен коммуналдық қызметтен қайран  болмаған соң, тұрғындардың өздері маңызды нысан саналатын жылу магистралінен сыртқа су айдап, тіпті пәтерлеріне насос қоя бастаған. Осыдан кейін жылу тепетеңдігі бұзылып, көршілер арасында кикілжің өршуде.

Таң атысымен жұрт көше кезіп, осылай сабылып жүргендері тегін емес. Олар қыс түскелі бірін бірі аңдитын жағдайға жеткен. Өйткені, ортақ жылу  үйлерге бірдей жетіп жатқан жоқ, - дейді  тұрғындар. Пәтерлерінде небәрі 9-10 градус жылу барын айтып талай арнайы комиссия да шақыртқан. Қанша дәлелдегендерімен өзгерген ештеңе жоқ. Осыдан соң өздері қулыққа көшкен. Насос қойған, су айдаған. Бірінің заңсыз әрекетін бірі көрмесін деп төбелесуге дейін барады екен. Олардың бірі тіпті бізге тап берді.

Бұл мына екі қабатты үйге жауапты тұрғын. Оның бұлай ашу шақырғаны тегін емес екен. Бізді де, көрші үйден келген тұрғындарды да итермелеп, үй маңына  жолатқысы келмеді. Сөйтсек, жасырып тұрғаны мынау. Жылу құбырынан шлангі тартып, ыстық суды кәріз құдығына аяусыз айдап жатыр. Есіл судың жылу желісінен далаға кетіп жатқанын көрген көрші үйдің тұрғындары да шошып кетті.

Бір бірімен жылу үшін жаға жыртысып төбелеске дейін бару бұл тұрғындар үшін үйреншікті жағдайға айналған екен. Бірақ,тұтынушылардың бұл мәселесіне жергілікті басшылар бас қатырып отырған жоқ.Содан да болар жылу құбыры бұрандасын кез келген бұрап, ыстық суды сыртқа ағыза береді.

Сөйтіп, жылу да сыртқа кетіп жатыр. Бірақ бұны қадағалайтын жан жоқ. Тиісті  құзырлы орындарға шағымданудан жұрт та шаршапты.

Валентин Жылкин, Макинск қаласының тұрғыны:

-Біз «Макинск - Жылу» кәсіпорнына да, тіпті аудан әкімі мен прокуратураға шағым түсірдік. Мамандар келіп тұрғындар пәтерлеріне насос қойғаннан дейді. Насосты суық болған соң қойып тұр. Басқа жақтан слесарь да әкелдік. Жылу беретін компанияның кінәсі, - дейді. 

Александр Гридасов, «Макинск жылу» коммуналдық кәсіпорнының маманы:

-Біз міне, мынадай жағдайлармен күресіп жүрміз. Сол үшін құбыр суын бояп та қойдық. Масқара ғой жылу далаға кетіп жатыр. Бұл әрекеттері үшін жауап береді. Олар қысқа әзір болған жоқ. Жылу жетіп тұр үйге дейін.

Аудан басшылары да жылу үйге дейін жетіп тұрғанын айтады. Бұл үйлерде пәтер иелері кооперативі жоқ. Жауапты мекеме болмаған соң, үйлер қысқа әзір болмаған. Енді тұрғындар ойларына келгенін істеп, оған тиым салуға жергілікті билік қауқарсыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.