{metadescription}
Пациенттің жақ сүйегінде инені ұмытып кеткен атышулы клиникаға қатысты сот басталды
Пациенттің жақ сүйегінде инені ұмытып кеткен атышулы клиникаға қатысты сот басталды

Пациенттің жақ сүйегінде инені ұмытып кеткен атышулы клиникаға қатысты сот басталды

Қарағандыда пациенттің тісін емдеу кезінде жақ сүйегіне инені ұмытып кеткен стомотологиялық клиникаға қатысты сот басталды. Астаналық келіншектің жақ сүйегіне терең кіріп кеткен темірді алып шығу да мүмкін емес.

Әлия Смайылова тісін емдеткеннен кейін-ақ солқылдап ауыра бастады дейді. Алғашында дәрігерлер салған екпенің әсері кетпей жатыр деп шығарып салып отырған. Әбден болмағасын басқа клиникаға қаралыпты. Рентген жасап, тістің түбінде металл сынығының барын анықтаған. Сөйтсе, пломба салар кезде  бұрғылау құрылғысының сынығы тістің түбіне қадалған екен.  Алайда, ол темірді алып шығу мүмкін емес. Тек тісті жұлып, имплонтант салу қажет. Жауап беруші жақтың тісті тегін емдеп, 100 мың теңге көлемінде өтемақы береміз дегеніне арызданушы келіспеген. Айтуынша, олардың қол астына тағы жату қорқынышты.  Сондықтан, басқа клиникаға кеткен 40 мың теңге материалды және тіс ауырғанда көрген моральды шығын 240 мың теңге талап етіп отыр. 

Әлия Смайылова зардап шегуші:

- Пациенттеріне немқұрайлы қарайды. Осыны сотқа жеткізбей шешетін адамдар ғой. Қабылдамай, дөрекі сөйлеп, ойларына келгенін істеді. Ондай мамандар елге қызмет көрсетуден шеттетілуі керек деп ойлаймын.Сот барысында осыны да талап етемін.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.