IMEI-кодты тіркеп үлгермегендер жаңа жылда байланыссыз қала ма?
Жаңа жылда жұрт байланыссыз қалмайды. Ақпарат және коммуникациялар министрі: «мереке күні ешкімнің ұялы телефоны байланыстан ажыратылмайды» деді.
Автор: Жәудір Оразхан
10.12.2018
Депутаттар 31-желтоқсанда IMEI-коды тіркемеген миллиондаған адам бір-бірін жаңа жылмен құттықтай алмай қала ма деп алаңдайтынын айтты. Себебі, 1-қаңтардан бастап абоненттік құрылғыны міндетті түрде тіркеу туралы ереже күшіне енеді. Осы талапты орындамағандар байланыссыз қалуы мүмкін. Ал елімізде қолданыстағы 26 миллион ұялы телефонның 14 миллионы ғана тіркелген. Аз уақыт қалса да, адамдар асығар емес дейді Ақпарат министрі. Негізі, әрбір абонент «құрылғыңызды тіркеу үшін жеке сәйкестендіру кодыңызды жазып жіберіңіз» деген хабарлама алған. Егер базада IMEI-код тұрса, полицейлерге ұрланған телефонды іздеп табу оңай болады. Және бұл контрабанданы тоқтату үшін керек.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-Қытайға барасыз, Ресейге барасыз, шетелге өзіңізбен бірге жүз шақты, елу, екі жүз телефон алып келе аласыз. Алып келесіз де, сатасыз. Телефонмен байланысты қылмыс көп. Бүкіл жастарға, 16-дан төмен балаларға қылмыстың қатысы 80 пайызы осы телефонмен байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!