Алматыда шатырдан түскен мұз қымбат көлікті бүлдірді
Алматыда шатырдан түскен мұз қымбат көлікті бүлдірді. «Мерседес Бенцс»-тің алдынғы әйнектері шытынап, төбесі майысқан.
Автор: Әсем Лесбек
10.12.2018
Оқыс оқиға түскі сағат 1-дің шамасында Медеу ауданындағы көп қабатты үйлердің алдында болған. Иесі машинаны әдеттегідей үйінің алдына қойып кетіп, аман қалды. Енді зақымдалған көлікті жөндеуге 295 мың теңге қаржы керек екен. Жүргізушісі оны кімнен өндірерін білмей дал. Ол «шатырдағы қар уақытылы тазартылғанда мұндай болмас еді» дейді. Ал коммуналдық кызмет болған жайтқа еш кінәміз жоқ деп отыр.
Татьяна Ермолаева, «Мерей» ПИТК төреғасының орынбасары:
-Үйдің маңайына көлік қоюға болмайтындығы жөнінде белгі тұр. Сондай-ақ әрбір бұрышта «Абайлаңыз, мұз» деген ескертулер де бар. Жүргізушілер осы жазуларды көре тұра, көлігін қойып кете береді. Ал шатырды қар мен мұздан тазалай алмаймыз. Ол үшін арнайы альпенисттерді жалдау керек. Зақымданған көлікке келген шығын көлемін кімнің өтейтіні әзірге белгісіз. Оған мен жауап бермеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!