Шымкентте екі әйелді автобустан шығарып жіберген ер адамның әрекеті дау тудырып жатыр
Шымкентте автобусқа сыймаған екі әйелді ер адамның шығарып жібергені әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырып жатыр. Көпшілік дөрекілік танытқан автобустың кондукторы деп даурығып, тіпті мұндайға жол берген шымкенттік шенеуніктерді жазғырып жатыр.
Автор: Бек Әбиев
10.12.2018
Оқиға жұрт жаппай жұмыстан қайтып жатқан қарбалас кезде болған. Аялдамаға тоқтаған автобустың есігінен ер адам жасы 50-лердегі қос әйелді күштеп түсірткізіп жатыр. Видеоны көргендер әлеуметтік желіде шулаған соң әкімдік түсініктеме бенрді. Олардың сөзінше, әйелдерге дөрекілік көрсеткен ешқандай да кондуктор емес, жолаушы екен. Ал, ол мұндай әрекетке есік жабылмай, өзге жолаушыларға қауіп төнген соң барыпты.
Наурыз Сүгірәлиев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
-Енді кондуктор енді түсірмеңіз деп айтуы керек едта. Ол жерде кондутор ішінде. Қарбалас уақытта деп жатырмын ғой. Көлік іші лық толы болған. Ол компания өкілі емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!