{metadescription}
Алматылық жүргізушілер жаңа жол ережелеріне қарсы шықты
Алматылық жүргізушілер жаңа жол ережелеріне қарсы шықты

Алматылық жүргізушілер жаңа жол ережелеріне қарсы шықты

Алматыда жеке көлікпен жүріп-тұру қиындап барады. Жүргізушілер мен сарапшылар шаһар басышылығының еңгізіп жатқан жаңа ержелерін шектен шығу дейді. Мамандар Шығыс айналма тас жолында жылдамдықты сағатына алпыс шақырымға дейін азайтса, кептелістің көкесін сонда көреміз деп отыр. Ал атқамінерлер қауіпсіздік жағын алға қойып, жылдамдықты шектеу арқылы жүздеген адамның өмірін сақтап қаламыз деген ұстанымда.

Алматыда жыл басынан  бері  4 мыңнан астам жол-көлік апаты болған. Салдарынан 121 адам көз жұмды. Тағы 5 мыңға жуығы түрлі жарақат алған. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін биліктегілер жол ержелерін қатаңдатып, қаланың ірі көшелеріне сергек сынды камераларды қаптатып орнатып жатыр.

Қазірдің өзінде Алматыда бір сәтте бірнеше жол-жүру ережесін бұзу дерегін түсіре алатын сергектердің 35-і бар. Олар Әл Фараби, Абай, Темирязев сынды даңғылдар мен Алматы 2 темір жол вокзалы және Тұңғыш Президент саябағы мен Панфилов көшелерінің бойына қойылған. Негізінен жылдамдықты , қоғамдық көлікке арналған жолаққа шыққандарды және белгіленбеген жерге тоқтаған көліктерді түсіреді. Сондай-ақ сергектер орташа жылдамдықты да анықтайды. Жүргізушілер жол ержесіне қатысты осыншама жаңашылдыққа үйрене алмай жатқанда қала басшылығы тағы бір тосын сый дайындапты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Сарапшылар мен қала тұрғындарының пікіріне сүйене келе Әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолында жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін азайтамыз. Оны бақылау үшін 142 бекетке төңірегін түгел түсіретін камера қойылады. Бар болғаны жиырма шақырымға жылдамдықты шектеу арқылы біз ондаған адамның өмірін сақтап қаламыз.

Бауыржан Байбек бұл бастамасын Еуропаның дамыған елдерінің тәжірибесіне сүйеніп енгізіп жатқанын айтты. Алайда толассыз шектеулер кей жүргізушілер мен сарапшыларға ұнамай отыр.

Эдуард Эдоков,  Тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы:

-Әл Фараби, Шығыс айналма жолдары салынғанда қаланың ішіндегі көлік кептелісін азайтады деді. Ол дұрыс еді. Яғни қаланың бір шетінен екіншісіне жету үшін орталықпен жүрмей, айналма жолмен жылдам жететін едік.  Енді ол жерде жылдамдық сағатына алпыс шақырым болса, ұзын сонар кептелістің көкесі сонда болады. Жүргізушілер орталыққа қашып, иін тірескен кептелістен көз ашпаймыз.

Сондай-ақ кептелістің көбеюі көліктен бөлінетін улы газдың да артуына сеп болады. Сондықтан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмау үшін қала басшылығы асықпай шешім қабылдағаны дұрыс дейді маман. Ал, қалт кеткенге айппұл арқалатамыз деп камераны жол жиегіне ғана емес автобустардың алды- артына шейін орнатып жатқан ақ жағалылар жүргізушілердің тәртібіне мықтап кірестін сыңайлы. Жаңа ережелер қаңтардың бірінен бастап күшіне енеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.