Ақмола облысында 3 жасар бүлдіршінді шетінетіп алған дәрігерлер істі болып жатыр
Шұжықтан емес, дәрігерлер салғырттығынан болған. Ақмола облысының Бурабай аудандық ауруханасына қазан айында астан уланып түскен бала ақ халаттылардың біліксіздігінің кесірінен шетінеді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
10.12.2018
3 жасар Айзеренің өліміне қатысты тексеріс 1 жарым айға созылды. Сәбидің өліміне отбасы мүшелері тегіс тұтынған шұжық себеп болды деген күдік расталмады. Айзеренің іші өтіп, ыстығы көтеріліп Бурабай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілгенде оған медициналық көмек толыққанды көрсетілмеген. Сәби 3-ші күні жан сақтау бөлімшесінде шетінеп кетті. Сөйтсе, баланы ажалдан арашалап қалу мүмкін болған. Қазір екі инфекционист дәрігер бұл іс бойынша полцияға жауап беріп жатыр.
Бибігүл Имақұлова, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:
-Астанадан тәуелсіз сарапшылар келіп тексерді. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің инфекционист дәрігерлері толыққанды ем шара қолданбаған. Баланың мүшкіл халін ескермеген. Қазір процессуалдық шара қолдану үшін істі тергеушілерге тапсырдық. Қандай жаза қолданылатыны содан соң шешіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!