{metadescription}
Суицид жасады делінген Сайрангүл Лайысқызының өліміне туыстары күйеуін кінәлап жатыр
Суицид жасады делінген Сайрангүл Лайысқызының өліміне туыстары күйеуін кінәлап жатыр

Суицид жасады делінген Сайрангүл Лайысқызының өліміне туыстары күйеуін кінәлап жатыр

Алматыда өз-өзіне қол жұмсады делінген Сайрангүл Лайысқызы бүгін тілге келместен көз жұмды. Дәрігерлер ес-түссіз комада бір ай жатқан келіншекті аман алып қала алмады. Ал марқұмның жақындары өмірге құштар жанның аяқ асты өмірмен қош айтысқанына сенбейді. Олар Сайрангүлді соққыға жығып, өлімге итермеледі деп күйеуіне кінә тақты. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері де болған екен.

Сайрангүл Лайысқызының жүрегі тоқтады деген суық хабарды естіген оның туыстары түгел ауруханаға жетті. Олар әу баста келіншектің өмірімен қош айтысуға талпынғанына сенбеген еді. Марқұмның көзі көгеріп, денесіндегі зорлық-зомбылықтың белгілерін көргенде көңілдеріне күдік ұялаған.

Назарбек Сәбен, С. Лайысқызының туысы:

-Жігіті жақсы болса, тәртібі жақсы болса мұндай болмайды ғой. Омырауда баласы бар. Кім өлгісі келеді. Бұл жіп салмақ түскенде сырғып, иектің астында болуы керек. Мұнда жіптің ізі кеңірдек тұсында. Қалай сенесің енді.Шындықты айтсын. Қолымен істегенді мойнымен көтерсін.

Ақ халаттылар 15 күн комада жатқан Сайрангүл аппараттың көмегімен тыныс алып, жаны қиналғанын айтады. Соңғы күндері миы да жұмыс істеуін тоқтатыпты.

Марина Рахимова, Алматы қалалық паллиативтік көмек орталығының бөлім меңгерушісі:

- Бізге түскенде оң көзі және денесі көгергенін байқадық. Қатты соққы алған. Қылқыну белгілері бар. Қан-тамырлары қысылып, дене мүшесі сал болып қалды. Мұндай ауыртпалыққа ағзасы төтеп бере алмай, қайтыс болды. 

Ал күйеуінің айтынша, 14 қарашада Сайрангүл Лайысқызы дәл осы жалдамалы үйде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ұйқысынан оянып, босағада асылып тұрған жұбайын көргенде бірден жедел-жәрдем шақыртыпты. Отасқандарына жеті жыл болған отбасы бұл пәтерде төрт айдан бері тұрып келеді.

28 жастағы Ерғали арамызда аракідік ұрыс-керіс болғанымен жұбайыма қол көтерген емеспін дейді. Жауабы қысқа болған Сайрангүлдің күйеуі көп жайтты ашып айтуға құлықсыз.

Ерғали Қаяуұлы, С. Лайысқызының күйеуі:

-Ол күні жанжал болған жоқ. Мен асылып тұрғанын көрдім. Скорый, полиция шақырттым. Қазір тексеріліп жатыр. Қалған нәрсені шешім шыққан соң айтамын.

Қазір суицидке итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Сот алды тергеу жалғасу үстінде. Болған оқиағаға әкеп соқтырған факторлар және басқа да мән-жайлар анықталатын болады. Егер жаңа мән-жайлар анықталатын болса, қылмыстың басқа құрамы дәлелденсе қылмыстық істің бабы басқаша саралануы мүмкін. 

Айта кетейік, Сайрангүл Лайсқызының артында кәмелетке жасқа толмаған үш баласы қалды. Бүлдіршіндер қазір марқұмның ата-енесінің қарауында. Ал өлімнің нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде