Еліміздің ең үздік журналистері марапатталды
Президенттің идеялары мен бастамасын, ел жетістігін жұртқа жедел жеткізіп, қоғамдағы өткір мәселелерді қозғап жүрген журналистер марапатталды. Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздарына жүлдені Дариға Назарбаева табыстады.
Автор: Жәудір Оразхан
11.12.2018
Дариға Назарбаева, Тұңғыш Президент Қорының директоры:
-Журналистердің аузынан, қолынан шыққан материалдың бәрін жақсылап қарастырып, оның арасынан өте маңызды, ақылды ұсыныстар болса, мемлекеттік құжаттарға енгізу керек деп санаймын. Сонда журналистиканың деңгейі одан да биік болады.
Журналистер арасындағы дода «интернет порталдағы үздік мақала», «Үздік радиоматериал», «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Үздік теле сюжет», «Ел жүрегі – Астана» сынды бес номинация бойынша өткен. Биыл 564 материал сайысқа түсіпті. Комиссия мүшелері арасынан үздіктерді таңдап алған. Тұңғыш Президент Қоры Тәуелсіздік қарсаңында тілшілерді марапаттауды дәстүрге айналдырған. Ал топ жарып шыққан жеңімпаздарға 1 миллион теңге қаржылай сыйақы мен төсбелгі табысталды.
Ержан Қалымбайұлы, журналист:
- Жүлде аламын деп ешқашан ойлаған жоқпын. Өйткені, журналистика саласында жүргеніме 20 жылдан асып кетті. Газетте де, басқа да салаларда жүрдім. Бұл бірінші жүлдем деп айтуға болады. Сондықтан өте қуаныштымын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!