{metadescription}
Ақтөбе облысында шөпке қасақана от қойғандар ұсталды
Ақтөбе облысында шөпке қасақана от қойғандар ұсталды

Ақтөбе облысында шөпке қасақана от қойғандар ұсталды

Ақтөбе облысында бүтін бір ауылды бір ай бойы үйрейде ұстағандар табылды. Қосестек ауылының үш тұрғыны елді-мекендегі он үйдің қорасындағы шөпке от қойған. Бір жарым мың тұрғынды тергеген полицейлер, ең бірінші шөп өртеуді кәмілет жасына толмаған қыз бала бастаған деп отыр.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Ол үшеуі де бір-біріне қатысы жоқ. Біріншісі кәмілет жасына толмаған ауыл тұрғыны. 

Жасөспірім қыз туыстары мен жақындарына өкпелеп, олардың қорасындағы мал азығын өртеп, өшін алмақ болған. Екі-үш үйдің шөбі қатарынан өртенген соң, осы ауылдағы 35 жастағы әйел де таныстарынан осылайша кек алмақ болады. Ол да көршілерінің шөбін өртеп, үндемей жүреді. Ал Қостестектегілер үрейлене бастағанда іске 25 жастағы жұмыссыз жігіт кіріседі. Ол шөпке от қоймас бұрын алдымен ескерту хатын тастап, ауылдастарынан ақша бопсаламақ болған. Үшеуі де бір-біріне туыс емес. Тіпті, қылмысты өздерінен өзге кімнің істегенін білмей жүріпті. Қазір бұл үшеудің ауылдастарына келтірген шығын алты миллион теңгеге жуық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.