{metadescription}
Ақтөбе облысында оқушы қыздар төбелесіп қас-құлақтарын кескілеп тастады
Ақтөбе облысында оқушы қыздар төбелесіп қас-құлақтарын кескілеп тастады

Ақтөбе облысында оқушы қыздар төбелесіп қас-құлақтарын кескілеп тастады

Ақтөбе облысында оқушы қыздардың қылығы бүтін бір ауданды дүрліктірді. Жоғары сыныпта оқитын олар төбелесіп, әйнек сынығымен қас-құлақтарын кескілеген. Онымен қоймай, бес жасар бүлдіршіннің алтын сырғасын тартып алып, ломбардтқа өткізеді. Қазір тентек қыздардың қылығы үшін ата-аналары сотта жауап беріп жатыр.

Алға аудандық сотына бір мектепте оқитын үш қыздың ата-аналарын жинау оңайға соқпады. Әсіресе, оныншы сыныпта оқитын оқушының шешесін сақшылар әрең тапқан. Ішімдікке салынған әйел соттың кіре берісінде мастықтан айыға алмай отыр. Оның қызы қатарласын аяусыз ұрып, қас-құлағын әйнек сынығымен кескілепті. Соның кесірінен жәбірленген жеткіншектің көзіне бірнеше рет ота жасалып, контузия алған.

Ирина Самарская, Алға қаласының тұрғыны:

-Менің қызымды жатқызып алып ұрған. Онымен қоймай әйнек сынығымен қабағын жарып, құлағына дейін тілгілеген. Соны көріп тұрған жұрт арашаламаған да. Кейбіреуі тіпті суретке түсіріпті. Енді қызымның көзі нашар көреді. Үнемі дәрігерлердің бақылауында болады.

Баласының жәбір көргенін айтқан Ирина Самарскаяның өзі де әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Өйткені оның қызы таяқ жеместен бұрын құрбысымен бес жасар бүлдіршіннің алтын сырғасын шешіп алып, ломбардқа өткізген көрінеді.

Анастасия Заглядова, Алға ауданының тұрғыны:

-Бұл нағыз гоп-стоп. Қызымның сырғасын шешіп алған. Әйтеуір құлағын жұлып алмағанына шүкір. Сол оқиғадан бері қызым түнде шошынып, бұтына кіші дәретін жіберіп қояды. Бұзықтарды жазалау керек. 

Бұзықтығымен аты шыққан қыздар сабақтан қалмайды. Оқу үлгерімі жақсы. Бірақ мұғалімдер олардан бұрын ата-аналарын тәрбиелеуден шаршағандарын айтады. Өйткені, бұған дейін бірінің шешесін әкімдікке айтып мәжбүрлеп маскүнемдіктен емдетсе, енді бірінің әкесі істі болған, ал шешесі үйде тұрмайды екен.

Әбдімұрат Коргулин, Алға қаласындағы №4 орта мектеп директоры:

-Отбасында қиындықтар бар. Бірақ мектеп қабырғасында ол екеуі де ондай тәртіпсіз екенін, сондай төбелеске бейім екенін көрсеткен жоқ, байқатқан жоқ.

-Әйтсе де, үш оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың ата-аналары да әкімшілік жазаға тартылуда. Қазір балалары бұзықтық жасағаны үшін тәртіп сақшыларының есебіне алыныпты. Оларды енді инспекторлар тек сабақ кезінде ғана емес, мектептен тыс уақытта да қадағалаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде