{metadescription}
Рөлге арақ ішіп отырған мәслихат депутаты жол апатына себепкер болды
Рөлге арақ ішіп отырған мәслихат депутаты жол апатына себепкер болды

Рөлге арақ ішіп отырған мәслихат депутаты жол апатына себепкер болды

Мемлекеттікін өз меншігіндей қолданған. Ақмола облысында қызметтік көлік мінген Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты Медет Дәулетханов жол апатына себепкер болды.

ВАЗ 2107і аудан әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығына» тиесілі. Оны тізгіндеген депутат осынау орталықтың жетекшісі екен. Ол мемлекет меншігіндегі көлікпен алдындағы Ауди А-4 көлігін артынан соққан. Ауди жүргізушісінің 8 жасар баласының қатты соққыдан миы шайқалған. Ол аздай, қызметтік көлікті бейуақытта тізгіндеген дөкей ішімдік ішкен болып шықты. Яғни, оның ағзасынан 2 промиль алкоголь анықтаған. Айта кетейік, Медет Дәулетханов «Жастар ресурстық орталығының» басшысы болып 4 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Енді оған қызмет көлігін жеке шаруасына пайдаланғаны үшін жауап беруге тура келеді.

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы:

-Жол апаты өткен сенбі күні кешке тіркелді. Ваз 2107 автокөлігі дистанция сақтамай жол ережесін бұзған. Әкімшілік Кодексінің 610 бабы бойынша хаттама толтырылды. Ал оның жұмыстан тыс уақытта қызметтік көлікті пайдалануы бойынша полиция емес, басқа құзырлы органдар айналысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде