Допинг қолданудың жазасы қандай?
Допинг қолданғаны үшін спортшы ғана емес, жаттықтырушы, дәрігер тіпті жауапты шенеуніктерге дейін жаппай жазаланады. Сондай-ақ тыйым салынған препараттар мен дәруменді пайдаланған спортшы атақ-даңқынан, сыйлықтардан түгел айырылады. Бұған қоса 120 мың теңгеге жуық айыппұл да арқалайды.
Автор: Жәудір Оразхан
11.12.2018
Сәкен Мұсайбеков, Мәдениет және спорт вице-министрі:
-Допинг пайдаланғаны үшін жарыстан шеттету, жарыстан нәтижесі үшін ақшалай ынталандыруды қайтарып алу, спортшылар мен бапкерлерге өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемінен айыру. Спорттық атағынанан айыру, олимпиада паралимпиада, сурдлимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне арналған үйден айыру.
Допингке қатысты сынама қорытындысы он жыл сақталады. Егер осы уақыт ішінде спортшының тыйым салынған препарат қолданғаны анықталса, ол бірден атақтарынан айырылады. Сондай-ақ, спорт министрлігі 2011 жылы лицензиясынан айырылып қалған Алматыдағы зертхананы да қайта қалпына келтірмекші. Шенеуніктер жаңа ғимарат жалдап, 1 миллиард теңгеге құрылғылар сатып алдық дейді. Келесі жылы халықаралық аккредитациядан өтіп, орталықты ресми түрде ашпақ. Сонда спортшылардың қанын шетелге тасымай, елімізде – ақ тексеруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!