{metadescription}
140 миллиард теңге тағы игерілмей қалды
140 миллиард теңге тағы игерілмей қалды

140 миллиард теңге тағы игерілмей қалды

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың есебі осындай. Жыл аяғы таяғанда министрлер мен әкімдер Үкіметтен сұрап алған қыруар ақшаны қайда жаратарын білмей бас қатырып жатыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

- Игерілмеген  сома 107 миллиард теңгені құрады. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ғылым, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт министрліктері қаржыны игермеу бойынша алдыңғы қатарда.

Ең көп ақша, Қорғаныс министрлігінде 40 миллиард теңге игерілмей әлі жатыр. Оның басты себептері, жоспарланған жұмыстар белгіленген уақытқа дейін атқарылмай, құжаттардың рәсімделуі де ұзаққа созылыпты. Жергілікті бюджеттерге келсек, игерілмеген қаржы көлемінен Астана көш бастап тұр. Елорда билігі 9 миллиард теңге тиісті жеріне жұмсап үлгермеген. Түркістан облысы 4, Қызылорда облысы 3 миллиард, Шымкент қаласы мен Маңғыстау және Павлодар облыстарында 2 миллиардтан артылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.