{metadescription}
Алматыны жыл соңына дейін тұман торламақ
Алматыны жыл соңына дейін тұман торламақ

Алматыны жыл соңына дейін тұман торламақ

Алматыда қолайсыз ауа-райы кесірінен ұшақтар тағы да кешігіп жатыр. Бүгіннің өзінде бақандай 9 рейс бірнеше сағатқа шегерілді. Жолаушылардың әлі де шыдамдылық танытуларына тура келеді. Өйткені, синоптиктердің болжамы көңіл жұбатпайды.

Алуа Сақанова, жетекші инженер-синоптик:

- Осы желтоқсан айының соңына дейін тұман болады.

Әсіресе, таңғы және кешкі рейстер уақытылы ұшып кете алмауда. Өйткені, дәл осы мезгілдерде қаланы қою тұман басып қалып жатыр. Салдарынан, жолға жиналған жұрт әуежайда сағаттап тосып отыруға мәжбүр. Десе де, жолаушылар да түсіністікпен қарап отыр. Тұманға байланысты ұшақтарының аттану уақыты өзгерген әуе компаниялары болса, жұрттан әуежайға артынып-тартынып келмес бұрын, рейстері туралы ақпаратты алдын-ала анықтап алуға кеңес берген.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде