{metadescription}
Алматы облысында оқушылар сабақ үстінде уланып қалды
Алматы облысында оқушылар сабақ үстінде уланып қалды

Алматы облысында оқушылар сабақ үстінде уланып қалды

Алматы облысында химия сабағында уланған 11 оқушы ауруханадан шығарылды. Мұғалім фосформен арнайы тәжірибе жүргізген соң, сыныптың ішін улы түтін жайлаған. Кейін жүрегі айнып, басы ауырған балалар бірінен кейін бірі сұлап түсіпті. Ұл-қыздарының денсаулығына алаңдаған ата-аналар келеңсіз жайтқа химия мұғалімнің біліксіздігі себеп дейді. Алайда, мектеп басшылығы оқушылар сырттан ішіп-жеген тамақтан уланды деп міз бақпай отыр.

7-сынып оқушысы Жансая Есжанның химия сабағындағы жағдайдан соң, әлі де басы ауырады. Химиялық затты әрең дегенде жандырған мұғалім мең-зең болып отырған оқушыларға сенбей, ұрысты дейді ол. Сол күні дүкеннен тіске басар ештеңке алмағанын да жеткізді.

Жансая Есжан, 7-сынып оқушысы:

-Экспериментте оттегімен фосфорды қосып еді жанбай қойды. Жанғаннан кейін мектептің іші ақ түтін болып кетті. Бетімызды жауып, жүрегіміз айныды. Дәрігерге барғымыз келді. Дәметкен апай «сендер өтірік істеп жатырсыңдар» деді.  

Улы түтін сыныптың ішін жайлап, беті бөртіп кетті деген оқушы міне осы. Әсел Бердакованың қазіргі хәлі жақсы. Кешегі күнді қорқынышты түстей есіне алған оқушы аяқ-қолым дірілдеп, жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтады.

Әсел Бердакова, 7-сынып оқушысы:

-Алгебра сабағына барған кезде, апай «үстілеріңе фосфордың иісі сіңіп қалған, мен уланып жатырмын» деді. Сосын өзі медбикені шақырды. Қыздардың көбісі құлап жатты. Қатты ауырғанымыз сонша, есіміз танып, жүре де алған жоқпыз. Үшінші қатарда отырдым, маған қатты келді иісі.

Ұл-қыздарының денсаулығына алаңдаған ата-аналар мектеп ұжымына ашулы. Әсіресе, химия пәнінің мұғалімі есік-терезені қымтап, зертханалық жұмысты парта үстінде жүргізгені ақылға қонбайды дейді.

Гүлвира Асабаева:

-Ол химия. Жай сабақ емес қой. Егер  көзі күйіп қалса кім жауап береді? Біз пеш жаққанда балаларды далаға шығарамыз. Иіс шықсын деп. Бұл мұғалімнің жауапсыздығы.

Қаракемер ауылындағы Құдайберген Орымбетов атындағы орта мектебінде химия сабағы кесте бойынша өтіп жатыр. Алайда, фосфордың қасиетін терең түсіндіруге тырысқан ұстаз жұмыста жоқ. Білім ошағының басшылығы өздеріне шаң жуытар емес. Айтуларынша, 11 оқушы химия сабағында емес, сырттан әкеліп ішкен тамақтан улануы мүмкін.

Шара Халықова, Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің директоры:

-Фосфордың металмен үдерісі деген практикалық сабақ. Сол сабақты көрсеткен мұғалім. Химия сабағы уақытта балалардың ағзасында ешқандай өзгешелік болмаған. Сол тақырып басқа 7-а сыныбында да болған. Бірақ ондай ешкімде белгілер болмады.

Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының дәрігерлері балалардың нақты неден уланғаны қан талдауының қорытындысынан кейін белгілі болатынын айтады.

Дидар Айтжанов, Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:

-Түскен кезде барлығының жағдайы орташа болған. Барлық тексеруден өткіздік. Нақты астан улану белгілері жоқ Анализдер тапсырылды.

-Қазір ауруханаға түскен 11 оқушының жағдайы бір қалыпты. Барлығы да үйлеріне жіберілді. Ал санитар-эпидемиологтар арнайы сараптама тағайындап, оқиғаның анық-қанығын анықтамақ. Сондай-ақ, мамандар химия пәні өткен сыныпты да толығымен тексермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде