Назарбаевтың оқ өтпейтін көлігі көрмеге қойылды
Елбасының қызметтік көлігі Теміртаудағы бірінші президент мұражайына әрең сиды. Оқ өтпейтін маталлмен қапталған неміс көлігін ішке кігізу үшін ғимараттың кіре бірісін бұзуға тура келіпті.
Автор: Саят Сабдалы
14.12.2018
Мұражайда елбасының қолданған заттары мен әр елдің басшылары берген сыйлықтар бар. Енді бұл жер Назарбаевтың осыдан 10 жыл бұрын мінген қызметтік көлігімен толықты. Көліктің қозғалтқышының көлемі 5 жарым литр, салмағы 5 тоннаға жуықтайды. Корпусы мен терезелерін калибрі 5 сантиметрге дейінгі снаряд та тесіп өте алмайды. Президент көлікті ел аумағын аралағанда және мәртебелі қонақтарды күтіп аларда мінген. Тосын сыйды мұражайдағылар қуана қабылдағанымен, ғимаратқа кіргізерде кібіртіктедік дейді.
Саида Сарғызова Тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығының директоры:
-Негізгі кіре беріс арқылы кіргіздік. Ол үшін алдымен кіре берістегі есік терезелердің бәрін алып тастауға тура келді. Қрандармен көтеріп баспалдақтарға қойдық. Содан кейін эстокада орнатып сол арқылы ішке кіргіздік. Аса қиын болған жоқ енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!