Ауа-райы болжамы
Алдағы екі күнде еліміздің бес өңірінде күн күрт жылынып, өзен-көлдердегі судың деңгейі көтерілуі мүмкін. Қар мен мұздың еруінен арналар ернеуінен асып, жақын орналасқан үйлерді су басу қаупі басым.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.12.2018
Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Соның салдарынан су тасқыны болуы ықтимал. Сондықтан синоптиктер өзен-көлдерге жақын қоныстанған ел-жұртқа сақ болуды ескертеді. Ал 16-нан бастап аталған аймақтарда күн қайта суытады. Жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Батыстың жұртын күн-райы демалыс күндері тығырыққа тірейтін тәрізді. Мәселен Ақтөбеде қалың қар түсіп, жолдар жабылуы ықтимал. Сондықтан мамандар алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
Марат Тіленбаев, «Қазавтодор» ЖШС Ақтөбе ОФ бас инженері:
-Алдымен жаңбыр жауып, арты боранға ұласады. Бүгін-ертең көп мөлшерде қар түседі деген болжам бар. Ақ ұлпа басып қалған жағдайда облыс орталығынан шығатын жолдарды жабуға тура келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!