Өзбекстанның тумасы 20 жылдан бері азаматтық ала алмай жүр
Өйткені ол кеңес кезіндегі алынған құжаттарын жоғалтқан екен. Қайта жасатайын десе, туған жері Өзбекстан жағы мұның ел азаматы ретінде тіркеуде жоғын мәлімдепті. Тек сол елде туғанын растайын құжат қана жіберпті. Онымен біздің ел азаматтық бере алмайды. Өзі барайын десе құжатсыз қолы мен жолы байланып тағы отыр.
Автор: Саят Сабдалы
14.12.2018
Мұса Исрайлов Шахан елді мекенінде 20 жылдан бір тұрып келеді. Ондағы жұрттың бәріне ол туысындай болып кеткен. Алайда ресми түрде тұрғын да, тіпті, ел азаматы да емес. Тіпті, жеке басын куәландыратын кеңестік үлгідегі құжатын да жоғалтқан екен.
Мұса Исрайылов:
-Мен оқыған мектеп пен тәрбие алған балалар үйі қазір жоқ. Кеңес ыдыраған соң талан-таражға түсіп кеткен екен. Сондықтан менің сонда тұрғанынмды растайтын құжаттар жоқ. Іздеп барайын десем өз құжатым да жоқ. Онсыз мені Өзбекстанға өткізбейді.
Азаматтығы жоқ азамат сырқаттана қалса, дәрігерге де қарала алмайды. Ауылдан да аттап шығуға қорқады. Тек от жағушы боп, жұмысы мен үйдің арасында жүр.
Рашида Вильгельм, Шахан кентінің тұрғыны:
-Егер құжаттары болса, тіркеуге тұратын еді. Екіншіден қолынан келетін кез келген жұмысқа орналасатын еді. Зейнетке шыққанда не боларын әзірге болжамаймын, ең құрығанда тірі адамдар санатына қосылса екен. Ал оған дейін бұл ешкім емес.
Мұса Исрайлов Қазақстан азаматтығына көп жылдан бері қол жеткізе алмай келеді. Өз еліне сұрау салғандағы қолына тигені, оның Өзбекстанда туғанын растайын құжат қана. Кеңес кезінде ел кезіп кеткен оны көрші ел өз азаматы ретінде тіркемеген де екен. Өзінің адам екенін растау үшін сотқа да жүгініп көрген. Бірақ арыздары қараусыз, кері қайтып отырған. Көші-қон басқармасындағылар қолдан келгенді жасап жатырмыз дейді.
Наталья Ушакбаева Қарағанды облысық ПД көші қон басқармасы бастығы:
-Алдымен, екі елдің де азаматттығын қатар иемденбес үшін Өзбектанға сұрау жолдау керек. Бұл жұмыстарды жүргіздік, қазір жауап күтіп отырмыз. Сол құжаттар келгеннен кейін ғана шешім қабылдаймыз.
Егер Өзбекстан сол күйі Исрайловты өз азаматы деп қабылдамаса, оған жеке басын растайтын куәлік жасалады екен. Бірақ азаматтық бірден берілмейді. Қазақстан азаматтығына 5 жылдан соң ғана өтініш жасай алады. Алайда бұл да оңайға соқпайын деп тұр. Өйткені ол 1996 жылдан бері Қазақстанда жүргенін соттың алдында дәлелдеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!