{metadescription}
Атырауда балықтардың қырылуына кінәлі болуы мүмкін күдіктілер анықталды
Атырауда балықтардың қырылуына кінәлі болуы мүмкін күдіктілер анықталды

Атырауда балықтардың қырылуына кінәлі болуы мүмкін күдіктілер анықталды

Яғни, 3 тоннаға жуық  мөңке мен қылышбалықты, сазан, айнамкөз, сазандардың қырылуына себепші болуы  мүмкін делінген төрт кәсіпорында қазір тексеріс  басталған. Олардың арасында балық өсіру зауыттары да бар.

Қайраткали Хайрулла, Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары:

-«Атырау су арнасы», «Атырау Жылу Электр орталығы» АҚ, Жайық бекіре балық өсіру зауыты, Атырау бекіре балық өсіру зауыты. Осы 4 мекеме осы Жайық өзеніне су тастап отырғаны туралы бізде осындай ақпарат бар. Барлығына тексеріс болады.

Сондай-ақ 2-ші желтоқсан күні Перетаска өзегінен табылған өлі балықтардан аммиак табылды. Бірақ, оның суға қайдан түскендігі туралы ақпарат айтылмай отыр. Қазір бұл жайтқа байланысты қылмыстық кодестің «балық қорын қорғау ережесінің бұзылуы» және «жер бетi немесе жер асты суларын ластау» секілді екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жайықтағы жаға ұстатар жайтқа байланысты басталған тексеру-зерттеу жұмыстарының нақты қорытындысының қашан шығары әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде