Дизель отыны бір жылда 23 пайызға өскен
Елімізде дизель отыны қымбаттады. Бір литр солярканың құны бір жыл ішінде 23 пайызға өскен. Қазір кейбір өңірлерде сұйық отынның қыстық түрінің бағасы 270 теңгеден асып кеткен.
Автор: Мақсат Мәлік
14.12.2018
Сергей Смирнов, экономист:
-Дизель құнының кенеттен өзгеруі маусым айынан басталған еді. Ол кезде сұйық отынның акциздік құны 17 есеге көбейді. Екіншіден, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер 2025 жылы бірыңғай энергетикалық нарық құруға уағдаласты. Демек, біздің елдегі баға бұдан әрі көтеріліп, Ресеймен теңеседі деген сөз.
Алайда қысы қатты Ресейдегі дизель отынының бағасы біздің ақшаға шаққанда 250 теңге шамасында. Бірақ, Қазақстандағы жағдай мүлде басқаша. Мәселен, дизельдің литрі Ақтауда 273 теңгеден сатылуда. Мұнай өңдейтін зауыты бар Павлодардағы құны 272 теңге. Ал, шарықтаған бағаның үздік үштігіне енген Астана мен Петропавлда литрі 271 теңгеден бағаланған. Оған қоса жаздық солярканың құны да жетісіп тұрған жоқ. Жүргізушілер сұйық отынның бұл түрін 190 және 200 теңге аралығында сатып алуға мәжбүр. Ал, сарапшылар алдағы жылы мұнай өнімдерінің бағасы әлі де жоғарылайтынын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!