Тұңғыш Президент қоры балаларды қуантты
Тұңғыш Президент Қоры Жаңа жыл қарсаңында жетімдердің көңілдерін бір көтерді. Балақайлардың төрт қабырғада өтіп жатқан күнделікті өмірін бір сәтке ұмыттырып, түгелдей театрға алып барды.
Автор: Аруна Ортай
19.12.2018
Әйгерім Жұманұрова:
-Жаңа жыл мейрамы маған өте ұнайды. Бұл мейрамды мен асыға күтемін. Себебі Аяз атаның сыйлықтарын күтемін!
Балақайлардың бұл арман-тілегі жерде қалмады. Қор қызметкерлері оларға жаппай ішінде тәттісі мен ойыншығы бар мерекелік сыйлық жасады. Бұдан бөлек, Жаңа жылдық қойылым тарту етті. Ертегі тамашалаған балалардың көңіл-күйі көздерінен-ақ байқалып тұрды. Жалпы, Тұңғыш Президент Қоры орайы келсе жарымжан, әрі ата-ана мейірімінен айырылған ұл-қыздарды назардан тыс қалдырмауға тырысады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!