{metadescription}
Таразда балконның құлауына қатысты алғашқы болжамдар айтылды
Таразда балконның құлауына қатысты алғашқы болжамдар айтылды

Таразда балконның құлауына қатысты алғашқы болжамдар айтылды

Таразда жаңа үйдің бесінші қабатындағы балконның құлауына пәтер иесінің өзі кінәлі болуы мүмкін. Шенділердің болжауынша, ол қылтиманың қабырғасын аяқпен теуіп, содан кірпіштері босап, ақырында желден құлаған.

Тәуелсіздік мерекесі күні Таразда қайғылы жағдай бола жаздады. Күндізгі 11-лер шамасында күшті желдің кесірінен 13-ші ықшам ауданда жаңа үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып құлады. Құдай сақтағанда дәл осы сәтте не балконда не үйдің маңында адам болмаған.

-Мынау балкон құлаған. Ал үйдің арғы бетінде қабырға тегіс құлайын деп тұр.

75 пәтерлі көпқабатты үй әлеуметтік аз қамтылған жандарға арендалық негізде берілген. Балконы опырылған баспана жетім өскен азаматқа тиесілі. Бірақ өзі істі болып түрмеде отыр. Ал болған жағдайдан көпшілік шошып қалған. Олар жел тұрса жанын шүберекке түйіп отыруға дағдыланған. Өйткені ғимараттың балкондары қирау алдында тұр дейді.

Наталья Мельничук, көп балалы ана:

-Күшті жел тұрса балкон теңселіп кетеді. Құлап кетпес үшін жоғары жақтан ағаш тіреп қойдық. Балалар бастырылып қалама ма деп алаңдаймын.  Тіпті желден бөлмедегі люстраға дейін шайқалады. 

-Бес қабатты үй осыдан бес жыл бұрын пайдалануға берілген. Бірақ нысанның сыртқы келбетіне қарап оны жаңа деп айтуға ауыз бармайды. Тұрғындар ғимараттың сапасы өте нашар дейді. Жауынды күндері төбеден су шелектеп ағатын көрінеді. Ал соңғы жағдай тіпті ел – жұрттың зәресін алған. Бұқара бұдан былай балконға шығуға қорқып қалған.

Атқарушы билік оқыс жағдайға пәтер иесінің өзі кінәлі болуы мүмкін дейді. Яғни, төбелескіш азамат балконның қабырғасын аяқпен теуіп қиратқан. Ал босаған кірпіш желден құлапты. Сондықтан шенділер ел-жұрттың үй апатты немесе қирау алдында тұр деп даурығуына негіз жоқ дейді.

Марат Серікбаев, Тараз қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бәрін қарап шықтық. Енді арнайы мамандар  қарап шығады. Қорқатын ешқандай жағдай жоқ.

Тараздағы жаңа салынған үйлерге қатысты айтылатын сын аз емес. Мәселен мына балконы құлаған ғимаратқа іргелес тұрған үйдің де жайы оңбай тұр. Төбесінен су ағып, нысанның сыртқы сылағы уатылып түскен. Арай алқабындағы елдің де жаңа үйге кірмей жатып ығыры шықты. Мұнда жылу жоғары көтерілмей бұқара дірдек қаққан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде