{metadescription}
Түркістан облысында бухгалтерлер наразылық білдірді
Түркістан облысында бухгалтерлер наразылық білдірді

Түркістан облысында бухгалтерлер наразылық білдірді

Себебі, күнгейлік билік білім басқармасына қарасты интернаттар, коррекциялық мектептер мен дарынды балаларға арналған білім ордаларының 80 есепшісі 1-ші қаңтардан бастап жұмыстан босатылмақшы. Сөйтіп, Түркістан қаласында 55 орынға шақталған бір орталыққа қайта алынуы керек. Ал, әкім мен басқарма басшысының жазда шығарған бұйрығын есепшілерге тек уақыт тақалғанда айтыпты. Жаппай қысқартуға түсіп жатқан есепшілер бұл жемқорлыққа алып барады деп санайды.

Облыстың білім басқармасына қарасты есешілерді басшылық Шымкенттегі колледждің біріне шақырған. Жаппай жұмыстан босатыласыңдар деген суық хабарды естіген есепшілер түгел жиналған еді. Алайда, келуі тиіс басқарма басшысы түгілі қосшы да келген жоқ. Оның орнына жағымсыз жаңалықты білім саласының бас есепшісі жеткізді. Бір орталықтандыру туралы әкімнің хаттамасы жаздың басында бекітілген екен.

Сағила Байтөреева, есепші:

- Қазір ешкім жұмысқа алмайды.  Бала-шағамыз бар. Мысалы, менің үйде асыраушым да жоқ.  Айлық көбейеді деген соң кредит алғанбыз.

Хаттама бойынша білім саласындағы 80 есепші енді жұмыстан қысқартылып, Түркістандағы 55 орынға арналған орталыққа қайта алынуы керек. Бірақ, бұдан білім саласы мен бюджетке қандай пайда барын ешкім түсінбейді. Түркістанда отыр деп талап қойған әкімдік, барған есепшілерге жағдайда жасап бермейтінін де бірден айтқан. Есеп-қисап мамандары мұның бәрі жұмыс нәтижелігін төмендетіп қоймай, жемқорлыққа да апарады деп санайды.

Әлима Орманова, есепші:

-Қазір ол жаққа барсақ мемлекеттік қызметкер болмағандықтан айлығымыз төмен болады. 70 пен  80 мың аралығында болады. Бірақ, бізді үймен қамтамасыз етпейміз деп тұр. 

Ал, қатардағы есепшілердің төпелеген сұрақтарына жауап бере алмай қиналған бас есепші жазда шыққан бұйрықты алдын-ала ескертуге міндетті емеспіз дейді.

Амантай Өсербаев, Түркістан облыстық білім басқармасының бас есепшісі:

-Жұмысты ұсынып жатырмыз өзімізден келем дегендерге. Одан бөлек мекеме басшыларына мамандығына сай  жұмыс қарастырыңдар деп айтып жатырмыз.  Бухгалтерді егер жұмыстан шығарып жіберсе, мектепке  – завхоз боп кіре алады.

-Басшылар әлі қарастырып жүргенде есепшілер қарап жатпай облыс әкімінен бастап, бас прокуратура мен білім министрлігіне арыз түсірді. Олар орталықтандырылған есеп-қисап бөлімін жарты жылға созса деп отыр. Айта кету керек, бұған дейін есепшілерді бір жерге жинау бастамасы Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында жүргізілген екен. Бірақ, есепшілердің сөзінше жұмыс кері кетіп, жабылып тынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде