{metadescription}
Алматыда біреудің көлігін айдап әкеткендер апатқа ұшырады
Алматыда біреудің көлігін айдап әкеткендер апатқа ұшырады

Алматыда біреудің көлігін айдап әкеткендер апатқа ұшырады

Алматыда біреудің көлігін айдап әкеткендер апатқа ұшырап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Өзгенің Опелін тізгіндегендер алысқа ұзап кете алмады. Төлеби мен Әуезов көшелерінің қиылысына жеткенде тізгінге ие бола алмай бағдаршамға соғылған. Көліктің сау тамтығы қалмады. Ал ішінде болған екі азаматтың  жағдайы қиын. Олар ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.  Жастары небәрі 18 және 19- дағы жігіттер сауығып кетсе, бірден қамауға алынбақ. Тіпті 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде