{metadescription}
Депутаттар қайыршыға ақша берген адамдарға айыппұл салуды ұсынды
Депутаттар қайыршыға ақша берген адамдарға айыппұл салуды ұсынды

Депутаттар қайыршыға ақша берген адамдарға айыппұл салуды ұсынды

Өйткені, елімізде жұрттың ақшасына өмір сүруге дәнігіп алғандар көбейген.

Шәкір Хахазов, Мәжіліс депутаты:

-Жұрт оларды аяп, ақша береді. Сөйтіп оларды жалқаулыққа үйретеміз. Басым көпшілігі тұрмыстың ауыртпалығынан емес, өзінің жалқаулығынан осындай күйге түскендер. Одан да шетелдік тәжірибелерге сүйеніп, қайыршыларды емес, оларға ақша беретіндерді жазалағанымыз дұрыс болар еді.

Шәкір Хахазовтың айтуынша, осындай жолмен ақша табатын қылмыстық топтар белең алған. Олар арбаға таңылған адамдарды ақша көп түсетін жерлерге әкеледі де кешке бүкіл жиған ақшасын сыпырып алып отырады. Мұндай қайыршылар өзге өңірлерді қойып, Астананың базарларын да жаулап алған. Енді күн суыған сайын олар барарға жер таппай, үйлердің жертөлелері мен ыстық су құбырларының құдықтарын паналауға көшкен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде