{metadescription}
Ауруханаларда дәрі-дәрмекті жарнамалауға заңмен тыйым салынбақ
Ауруханаларда дәрі-дәрмекті жарнамалауға заңмен тыйым салынбақ

Ауруханаларда дәрі-дәрмекті жарнамалауға заңмен тыйым салынбақ

Дәрігерлерге жарнамашыларды қабылдауға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі ақ халаттылардың жұмыс уақытында фармацевтикалық компаниялардың менеджерлерімен сөйлесуге тыйым салмақ. Енді заң бойынша фармацевттер препараттарын дәрігерлерге жекелей емес, тек үлкен жиындарда ғана жарнамалай алады.

Алексей Цой, Денсаулық сақтау вице-министрі:

-Мәселе дәрі-дәрмектерді ұсыну мәдениетіне қатысты. Дәрігерлер ауызбастырық алу үшін науқастарға фармацевтикалық компаниялардың өнімдерін ұсынады. Біз сол компаниялардың менеджерлерінің жұмысын шектемекпіз. Яғни, олардың жұмыс уақытында дәрігерлерді мазалауына жол бермейміз.

Ал менеджерлер дәрі-дәрмектерін жарнамалаймын десе, үлкен жиындарда немесе дәрігерлердің конференцияларында ресми түрде жариялап, көпшілікке ұсыну керек дейді вице-министр. Өйткені, дәрігерлер науқасты қабылдаудың орнына жарнамашылармен жолығып уақыт жоғалтады. Сосын баспайдасы үшін емделушілерге солардың өнімін ұсынады. Енді жаңа жылдан бастап бұл келеңсіздікке тосқауыл қойылмақ. Ал тегін дәрі-дәрмекке келер болсақ, министрлік керектінің бәрін сатып алып, қойма біткенді толтырып қойыпты. Ал ем қабылдаушылардың керекті препаратын алған-алмағанын смс-пен біліп отырмақ. Сол арқылы дәрі-дәрмектің қоймаларда жатып қалмауын қадағалаймыз дейді министрлік өкілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.