{metadescription}
Сүлейменов ортақ валютаға қарсы шықты
Сүлейменов ортақ валютаға қарсы шықты

Сүлейменов ортақ валютаға қарсы шықты

Одаққа ортақ валюта болмайды! Ұлттық экономика министрі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ортақ электронды ақша енгізу туралы ұсынысқа қарсы шықты.

Тимур Сүлейменов, Ұлттық экономика министрі:

-Электронды валютаны қолдамаймыз. Бұл менің жеке және саясатта жүрген адам ретіндегі ұстанымым. Ұлттық валюта – Әнұран, Ту, Елтаңба сынды егемендігіміздің символы. Оны қолдан келгенше қорғап, сақтауымыз керек.

Ресейдің Ұлттық төлем кеңесі өзара сауда-саттықта  еркін есеп айырысу  үшін ортақы электронды валюта енгізуді ұсынған еді. Даулы бастаманы көрші елдің  Қаржы министрлігі қолдап шықты.  Ал  Қазақстаннан басқа одаққа мүше Беларусь, Армения мен Қырғызстан да  ортақ валютаны аса қолдап отырған жоқ.  Кремльдің  еуро секілді бірыңғай ақшаға құмартуы бұл алғашқы рет емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде