{metadescription}
«Болған Ана» кесенесінен құнды жәдігерлер табылды
«Болған Ана» кесенесінен құнды жәдігерлер табылды

«Болған Ана» кесенесінен құнды жәдігерлер табылды

Ұлытау өңіріндегі «Болған Ана» кесенесінен құнды жәдігерлер табылды. Археологтар алтын тостаған мен екі сырға Шыңғыс хан ұрпақтарына тиесілі болуы әбден мүмкін дейді.

Салмағы 400 грамм болатын тостағанның жан жағы ою өрнекпен көмкерілген. Ортасында қызғалдақ бейнеленіпті. Онымен қоса қорымнан әйелдің былғары етігі, сүйектен жасалған шашқа тағатын түйреуіш пен жібек матаның қиындысы табылған. Мамандар бұл жәдігерлер біздің заманымыздың 12 ғасырына дейінгі дүниелер деп отыр. Яғни қазаққа ислам діні келгенге дейінгі уақыт. Қазба жұмыстары Алтын Орда билеушілерінің Ұлытау өңірін мекендегінін ресми түрде дәлелдеу үшін жүрген. Шыңғыс ханның келіні Болған ана кесенесінен табылған  сүйек қалдықтары енді Ұлыбритания және Жапониядағы зертханаларға жөнелтілген.

Айбар Қасеналин археолог: 

-Нәтижелер шығатын болса, Алтын орданың біздің Қазақстан Ұлытау жерінде мәдени ошағы болғанын дәлелдейді. Алдағы уақытта бұл ескерткіштердің нақты жасы анықталатын болады. Кім жерленген, жынысы жасы, оның нәсілдік қатыстылығы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде