{metadescription}
Семейде үйлерді кәріз суы басып қалды
Семейде үйлерді кәріз суы басып қалды

Семейде үйлерді кәріз суы басып қалды

Семейде жергілікті биліктің салғырттығынан көшені кәріз құбырынан аққан су басып жатыр. Үш үйдің ауласына нәжіс араласқан су түгелдей жайылып үлгерген. Тұрғындар бұған атқамінерлерді кінәлап отыр. Олардың айтуынша, құдықтарды коммуналдық қызметтегілер уақтылы тазартпайды. Тіпті жұрт қанша өтініш жазғанымен, еш нәтиже болмай тұр.  

-Бүгінде қос қабатты үш үйдің ауласындағы кәріз қалдықтары ағатын жасанды ор уақытылы тазартылмай лық толған. Соның салдарынан, нәжіс аралас су аулаларға жайылып жатыр. Ал, тұрғындар талай табалдырық тоздырғанымен жергілікті биліктен қайыр болмады деп наразы.

Даланы қойып, пәтерлердің ішін де қолқаны қапқан жағымсыз иіс жайлаған. Себебі кейбір әжетхана құбырлары толып, қатып қалғандықтан ол сыртқа емес, ішке ағып жатыр. Ал аулаға жайылыған нәжіс аралас судың тереңдігі жарты метрге жетеді. Лас су төңірегіндегі жер үйлерді де басып қалуы мүмкін. Алайда, бұл мәселеге келгенде жергілікті билік бас ауыртпаған сыңайлы . Қыл аяғы атқамінерлердің шұңқырларды тазартуға жіберген арнайы техникасының өзі көзбояушылыққа көшіпті.

Рауза Ибраева, Семей қаласының тұрғыны:

-Қазынаның ақшасын алады сыпырып. Өздері жұмыс істегілері келмейді. Мына үйдің сыртына келіп, біраз тұрады да кетеді. Өздерінше, мына жерді тазалағандай әрекет жасап.

Расын да, жергілікті коммуналшылар ернеуінен асып жатқан лас судан бейхабар болып шықты. Олардың айтуынша, құдықтар қағаз жүзінде күнделікті тазаланып тұрады. Тіпті, ол үшін арнайы көлік те жеткілікті.

Толғанай Смағұлова, Семей қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:  

-Күнделікті ол жерден 15 куб лас су тазартылады. Олар белгіленген жоспарға сәйкес тек, жұмыс күндері ғана істейді. Бұл біздің бақылауымызда.

Мамандар ақыры  көшеге жайылып жатқан кәріз қалдықтарын өз көздерімен көруге шықпақшы. Тіпті, белгіленген мердігер мекемені салғырттығы үшін жауапқа тартамыз деп ақталды. Бірақ, кезекті уәдеге тұрғындар сенбейді. Олар, жергілікті атқамінерлердің үстінен құзырлы органдарға арыз жазбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.