Алматыда жолаушылары бар автобус өртенді
От 118-ші бағыттағы автобус жүріп келе жатқанда тұтанған.
Автор: Әсем Лесбек
20.12.2018
Оқыс оқиға нағыз көлік көп жүретін уақытта -кешкі сағат 7-лер шамасында Абай мен Абылайхан көшелерінің қиылысында болған. «Юйтун» маркалы автобус жана бастағанда ішіндегі жолаушылар тысқа шығып үлгерген. Қоғамдық көлік «Green Bus компаниға» тиесілі. Өрт қозғалтқыштан шығыпты. Мамандар бұған дейін 137 -ші бағыттағы қоғамдық көліктің артқы дөңгелегі мен салоны отқа оранғанын айтуда. Қаладағы қоғамдық көліктерге жауапты мекеме мұндай төтенше жағдайлар болмас үшін жүргізушілерге автобустарын жиі тексертіп тұруларын тағы бір ескертті.
Шыңғыс Байқадамов, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:
-Бұл газбен жүретін автобустар, иіс ештеңке шықпаған. тасымалдаушыға тапсырма беріледі, автобустардың бәрін қатал түрде тексеріп, және тасмалдаушыға қатысты әкімшілік тарапынан жаза қолданылатын болады. Ескерту беріліп тағы да басқа шаралар қолданылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!