{metadescription}
Алматыда тексерушілер келетінін естіген саудагерлер базарға шықпай қойған
Алматыда тексерушілер келетінін естіген саудагерлер базарға шықпай қойған

Алматыда тексерушілер келетінін естіген саудагерлер базарға шықпай қойған

Алматыда жаңа жыл қарсаңында заңсыз пиротехника саудасымен күрес күшейді. Базар жағалаған төтеншеліктер мен полицейлер контрабандалық жарылғыш заттарды анықтап, қауіпті ескертіп жүр. Алайда, саудагерлер құзырлы орган қызметкерлерінің әр қадамын алдын ала біліп отырады екен. Өйткені,әйгілі барахолкадағы екі ірі базарды аралаған тексерушілер тек бір ғана заңсыз пиротехника сатушыны анықтаған. 

Көк шатырды қызғыштай қорыған жігіт полицияның да дегеніне көнетін емес. Бірақ, құзырлы орган қызметкерлері жабындыны күшпен ашуға кірісті. Шатыр ішінде приотехникалық заттардың сан түрі самсап тұр. Алайда, міз бақпаған сатушы жеке қажетіме жаратамын деп шаң жуытпады.                                   

Әккі сатушылар төтеншеліктердің әр қадамын алдын ала білетіндей әсерде қалдық. Себебі, барахолкадағы екі базарды сүзіп шыққан тексерушілер бір ғана нүктені анықтады. Ал, базар әкімшілігі өрт қауіпсіздігін өрескел бұзған  оқиғаны енді көрдік деп ақталды.

Берік Бөкеев, Базар әкімшілігінің өкілі:

-Өзіміз жеке мәселесін қараймыз, өзіміз реттейміз. Мұны сатуға рұқсат бермейміз. Қазір қауіпсіздік қызметі бар. Соларды жібереміз. Бәрін жинастырып, жіберетін жеріне жібереміз.

Дерек бойынша Алматыдағы  жаңа жылдық демалыстағы өрттің 40 пайызы жарылғыш заттың кесірінен тұтанады екен. Тіпті, былтыр 21 адам зардап шеккен. Бірақ, заңсыз пиротехника саудасына толықтай тыйым салу қиын дейді тексерушілер.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

-Ашық түрде өздеріңіз байқағандай сатуға тыйым салынады. Қар себелеп жауып тұр. Ішіндегі атылатын заттары ылғанданатын болса траекториясы өзгеріп, дұрыс атылмай қолда жарылып жатады. Адамның  ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан жабық ғимаратта сатылуы керек. 

Алайда, қауіптің алдын алуға кіріскен тексерушілер контрабандалық тауарларды тәркілеудің тәртібі ұзақтығын жасырмады. Демек, айыппұл арқалаған сатушы пиротехникалық заттарды ертеңіне қайта саудаға шығаратыны ақиқат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде