{metadescription}
Сүлейменов темір жол билетіне қатысты түсініктеме берді
Сүлейменов темір жол билетіне қатысты түсініктеме берді

Сүлейменов темір жол билетіне қатысты түсініктеме берді

Әуе және темір жол билеттерінің бағасын реттеу Монополияға қарсы комитеттің құзыретіне кірмейді. Мейрам күндері жолақының еселеп өсуіне орай Ұлттық экономика министрі бүгін осылай деп ақталды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика миинстрі:

-Сұраныс аз болса, баға арзан. Көп болса, қымбат. Билет сататын компаниялар коммерциялық болған соң, солай болады. Оларды заң бойынша қыспаққа алып, тарифтерін өзгерте алмаймыз.

Десе де, Сүлейменов «монополияға қарсы» жаңа заң бойынша, қаңтардан бастап әуе билеттерінің құны қалай  құбылатынын бүге-шүгесіне дейін зерттейміз деп отыр. Егер, сұранысқа қарамастан билеттердің бағасы шамадан тыс шарықтайтын болса, монополистер жауапқа тартылмақ. Ал, қазір мейрам қарсаңында ұшақ пен пойыздарға билеттер екі-үш есеге дейін шарықтап кеткен. Мәселен, Астана-Алматы бағытындағы ертеңгі рейстердің арзаны 18 мың теңге тұрса, желтоқсанның соңғы күндеріне ең төменгі құнның өзі 60 мың теңгеге таяу. Оның өзінде санаулы орындар ғана қалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде