Айыппұлды төлей алмағаны үшін жазасы ауырлады
Оралда парамен ұсталған үш бірдей ювиналды полиция қызметкерлеріне қатысты соттың үкімі шықты. Олар түрмеге отырмас үшін мемлекетке 52 миллион теңгеге жуық қаржы төлеуі керек еді.
20.12.2018
Әрқайсысы 17,5 миллион теңгеден. Бірақ экс полицейлер қарыздарынан құтылмапты. Айта кетейік, бір жыл бұрын пагон таққан әйелдер кәмілет жасына толмаған балаларға ішімдік сатқан кәсіпкерді ұстап, одан 250 миллион теңге пара талап еткен. Сол ақшаны алып жатқан жерінен қолдарына кісен салынды. Алғашқы үкімге олардың бұрынғы әріптестері де шақыртылған еді. Сол кезде қыздар үлкен көлемдегі айыппұлды төлеу үшін уақыт сұраған. Бірақ уәделерінде тұрмады. Енді жазалары қатаңдап отыр. Үкім кейінге шегірілмесе жас парақорлар алдағы жеті жылын қапаста өткізуі мүмкін.
Гүлнар Гиматутдинова, судья:
- Бұнда басты мәселе балаларда болып тұр. Сотталушылардың үшеуінің де балалары бар. Сондықтан олардың сот шешімін кейінге шегеруін талап етуіне толық құқықтары бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!