{metadescription}
Тоқаев есірткі саудасын терроризммен теңестіруді ұсынды
Тоқаев есірткі саудасын терроризммен теңестіруді ұсынды

Тоқаев есірткі саудасын терроризммен теңестіруді ұсынды

Есірткі сату - терроризммен тең! Елімізде наша сататындар өмір бойына түрмеге жабылуы тиіс. Бүгін Сенат төрағасы осындай ұсыныс айтты.

Қасым-жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:

–Есірткі делдалдарының әрекетін лаңкестік қылмыспен теңестіріп, өмір бойына абақтыға қамау керек. Өйткені өзін емес, басқаның да санасын улайтындар еліміздің ұлттық мүддесіне нұқсан келтіреді.

Есірткі сататындар  тіпті жеткіншектерді де инеге тәуелді етіп жатыр. Ол үшін делдалдар есірткіні кәмпит пен сағызға араластырып, кішкентай ұл-қыздарға таратуда  дейді сенаторлар. Балалар құқығын қорғау жөніндегі  Омбудсменнің айтуынша, елімізде 50 мыңнан астам нашақор болса, соның 3 мыңы кәмелет жасына толмағандар екен. Ең кішісі – 7 жастағы жеткіншек шприцпен есірткі қабылдап келген. Сондықтан депутаттар ғаламтор мен көшеде ашықтан-ашық жүріп жатқан есірткі саудасын тоқтатуды  Ішкі істер министрінен  талап етті.

Сәуле Айтбаева, Сенат депутаты:

Оқушылар, әсіресе, синтетикалық есірткілерді қолданады екен. Олардың көбі, Қытайдан келеді. Қауіптісі сол, осы психотропты дәріні ішкен жеткіншектер, биіктіктен құлап, суицид жасап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.