{metadescription}
Алматыда ұлын оңдырмай сабаған әкеге қатысты іс сотқа тапсырылды
Алматыда ұлын оңдырмай сабаған әкеге қатысты іс сотқа тапсырылды

Алматыда ұлын оңдырмай сабаған әкеге қатысты іс сотқа тапсырылды

4 жасар ұлын оңдырмай ұрып-соқты деп айыпталған қатыгез әкенің ісі сотқа жетті. Атышулы оқиға 6 томға арқау болған.

Туған ұлын таспен ұрып аты шыққан Мұрат Асқароғлыға бір емес, бірнеше ауыр айып тағылып отыр. Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік оқиға 16-тамызда болған. Күдікті өз баласын тас жол бойында шалажансар күйде кілемге ораулы жатқан жерінен тауып алғанын айтып, күллі елді дүрліктірген еді. Бастапқыда, баланы белгісіз  көлік қағып кеткен болуы мүмкін делінген. Туыстары да қара машина қақты деп бет бақтырмай, тергеушілерді шатастыруға тырысып бақты. Алайда, көп ұзамай полиция нағыз сұмдықтың бетін ашты. Тергеушілердің мәліметінше, бүлдіршінді өз әкесі таспен ұрған. Істің ақ-қарасын енді сот шешетін болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде