Коммуналдық апат: Алматыда жүздеген тұрғын үй жылусыз қалды
Алматы қаласының іргесінде газ құбыры жарылып, бүтін бір ықшамаудан жылусыз қалды. Бес жүзден астам үйдің тұрғындары көгілдір отынсыз күні бойы жаурап отыр.
20.12.2018
Құбырды қалыпқа келтіру үшін 30-дан астам жұмысшы дамыл таппай жұмыс істеп жатыр.Себебі, таңертең әбден тозығы жеткен газ құбыры қысқа шыдас бермей жарылып, қыстың аязында бүтін «Ақбұлақ» ықшамауданы жылусыз қалды. Қаланың іргесіндегі бұл ауданда бас-аяғы бес жүзден астам үй бар.
Таңнан бері тұрғындырдан әбден маза қашқан. Суықтан үйлерінде қабат-қабат киіммен жүруге мәжбүр. Әсіресе, жасы ұлғайған зейнеткерлер мен кішкентай бүлдіршіндерге обал дейді жұрт. Олар айына 20-25 мың теңгені қақаған қыста бүрсең қағып отыру үшін төлейміз бе деп ашуға мінді.
-Зейнеткерлер бар. Балалар бар. Қыстың күні қиын ғой. Жылда осы. Уақытылы жөнделмейді.
Ал газ таратушы компания апат айтып келмейтінін алға тартып әлек. Жауаптылар 40 жылдан бері жаңартылып көрмеген құбырлардың әбден тозығы жеткенін айтады. Олар таңға дейін барлық үйге табиғи газ беріледі деп сендірді.
Қайсар Амангелдиев, Алматы қаласы «КазТрансГазАймақ» АҚ басшысының орынбасары:
-Газ құбыры тесілді. Түні бойы істейміз. Біз осы ауданда ескірген 12 шақырымдық құбырды ауыстырғанбыз. 1976 жылғы құбырлар. Ауыстырылмағандарды көктемде жаңартамыз деп ойладық.
Ал жаураған жұртшылық электрлі пештерін қосып жылынудан басқа амалдары жоқ. Құбырдың таңға дейін ауыстырылуы да нейғайбыл. Мендегі бар ақпарат осы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!