{metadescription}
Жамбыл облысында жарылыс болып екі адам күйіп қалды
Жамбыл облысында жарылыс болып екі адам күйіп қалды

Жамбыл облысында жарылыс болып екі адам күйіп қалды

Жамбыл облысындағы газ өңдейтін ірі өндіріс ошағында жойқын жарылыс болып, соңы алапат өртке ұласты. Оқыс жағдайдан екі адам зардап шекті. Олардың денесінің 35-40 пайызы күйіп қалған. Науқастардың жағдайы ауыр, қазір олар ауруханада жатыр. 

Жұрттың зәресін алған төтенше оқиға таңғы 8 жарым шамасында болған. Болжамға сүйенсек, оқыс жағдай зауыттағы мұнай қайнату пешін іске қосу кезінде орын алған. Яғни сол сәтте жарылыс болып, артынан өрт шығыпты. Жарақат алған операторлардың қалай құтқарылғандары әзірге белгісіз. Қазір 31 және 23 жастағы екі азамат ауруханада жатыр. Олардың денесі қатты күйіп қалған. Науқастар ауданнан қалаға жеткізілді. Ал, оқыс жағдайдың нақты неден болғаны қазір тексеріліп жатыр.

Нұрлан Кезембаев, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы стационарлық қызмет басшысы:

-Беті, қолдары, алақандары күйген. Өмірлеріне қауіп бар. Қазір арнайы мамандандырылған орталыққа жеткізілді. Жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.