{metadescription}
Ақтөбеде мүгедектер жұмыс істейтін цех жабылудың алдында тұр
Ақтөбеде мүгедектер жұмыс істейтін цех жабылудың алдында тұр

Ақтөбеде мүгедектер жұмыс істейтін цех жабылудың алдында тұр

Ақтөбеде мүгедектер жұмыс істейтін тігін цехы жабылудың алдында тұр. 34 адам еңбек ететін тігін цехы мемлекеттік сатып алу порталынан алынып тасталған. Себебі мүмкіндігі шектеулі жандар тіккен көрпе тыстары біреуге ұнамай, сотқа арыз түсіріпті. Осының салдарынан олар нәпақаларынан қағылғалы тұр. 

Азиза Қыпшақова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Осы цех бізге Бірталай көмек болып тұр. Айма ай айлағымызда аламыз осы іштен. Енді осы цехтың жабылмауын қалаймыз біз. Ия, біздерге қиын мысалы.

Мына тігін маншиналарында мүгедектігі бар жандар отырады. Барлығының диагнозы ауыр болғанымен, жұмыс істеуге қабілетті 3-топтағы мүгедектер. Айтуыларынша ірі тапсырыстар түскен кезде айына 70 мың теңгеге дейінгі жалақы қолдарына тиген. Алайда тапсырыс берушінің бірі сотқа арыздануынан мекеме жұмысы тұралап қалған. Салдарынан 1 жарым жылдан бері кәсіпорындар ойнататын тендерлерге қатысудан қағылыпты. Мекемені сотқа берген мұнай компаниясындағылар цехта мүгедектердің жұмыс істейтінінін білмедік дейді. Айтуларынша тігіншілердің біліктілігінде мін жоқ, олқылықты тауарға сәйкестік сертификатын ұсынбаған жұмыс беруші жіберіп отыр екен.

Нұржан Наурызбай «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС заңгері:

- Келісім шартта тауардың қазақстанда жасалғанын растайтын арнайы сертификат ұсынулары керек болған. Алайда тапсырыс орындаушы тауардың бір түріне ғана сертификат берді. Ал қалған түрлерінің Қазақстанда жасалғаны жөнінде сертификаты болмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.