Астаналық автобус жүргізушілеріне 12 миллион теңге айыппұл салынды
Астаналық автобус жүргізушілеріне биыл жалпы 12 миллион теңге айыппұл салынған. Өйткені жол ережесін бұзған жүргізушілер саны жүздеп саналады. Ал әкімшілік жауапқа тартылған жолаушылар одан да көп.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.12.2018
Самат Шәймерденов, «Астана LRT» ЖШС департамент директоры:
- Жыл басынан бері полиция 7 мыңға жуық жолаушыны қоғамдық көлікте жолақы төлемегені үшін әкімшілік жауапқа тартқан. Оларға салынған айыппұл көлемі шамамен 30 миллион теңгеге жетіп жығылады.
Ал автобус жүргізушілері негізінен ұсақ жол ережелерін сақтамау және жолаушыларды тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін жазаланыпты. 12 миллион теңге айыппұлды қоғамдық көліктің 900 жүргізушісі төлеген. Дегенмен, арасында жол тәртібін өрескел бұзғандар да бар. 7 бірдей жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып алып, бақылау камерасына түсіп қалыпты. Сонысы үшін әкімшілік сот жетеуін де жүргізуші куәлігінен айырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!