{metadescription}
Такси жүргізушілері онлайн кассалық аппаратқа қарсы шықты
Такси жүргізушілері онлайн кассалық аппаратқа қарсы шықты

Такси жүргізушілері онлайн кассалық аппаратқа қарсы шықты

Елімізде такси жүргізушілеріне келесі жылдың сәуірінен бастап онлайн кассалық аппарат қою міндеттеледі. Жаңа жүйе арқылы әр таксиші жолаушыға түбіртек беріп, түскен ақшасы сол сәтінде есепке алынбақ. Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы шығып отыр. Онсыз да салық төлеп жүрміз деген олар қондырғының тиімсіз тұстарын жіпке тізді.

Заңды түрде тіркелген таксишілерге келесі жылдан бастап мынандай кассалық аппаратты өзімен бірге алып жүру міндеттеледі. Осы қондырғының көмегімен жүргізушілер жолаушылардың жүріп өткен жолын есептеп, оларға түбіртек беруі тиіс. Онлайн жүйе таксишінің әр қадамын бақылап, түскен ақшаны сол сәтінде есепке алады.

Олжас Отар, Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:

2019 жылдың сәуір айынан бастап 323 қызмет түрі, оның ішінде такси бар, басқасы бар онлайн кассалық жүйесіне өту керек. Бұл кісілерге алғашқы рет ескерту беріледі. Екінші рет алмаған жағдайда 30 АЕК айыппұл салынады.

Ал таксопаркте нәпақа тауып, отбасын асырап жүрген Ержан Қоқымдиев онлайн жүйе былай тұрсын, кассалық аппараттың қойылуына үзілді-кесілді қарсы. Жолаушы тасуды бір кісідей меңгерген жүргізуші қондырғының қыр-сырын үйренгенше, шығынға белшеден батамыз дейді.

Ержан Қоқымдиев, такси жүргізушісі:

- Әрбір таксистке қою қажет емес деп ойлаймын. Әрине, қажет шығар. Ресейдің такси қызметтерінен сұрауға болады. Ал әркез кассалық аппаратты ұстап алып, оны ұрып отыру мүмкін емес. Себебі, біздің табысымыз уақытқа байланысты. Бір-екі минут кешіксең, клиенттен айырыласың.

Таксопарк басшылығы болса, бақылауды әуежай, вокзал және өзге де халық көп шоғырланған орындарда жолаушы торып жүретіндерге күшейту қажет деп отыр.

Әсет Оспанов, таксопарк басшысы:

- Бұл жүйенің кемшіліктері көп. Мысалы, жүргізуші жолаушымен келісіп, пайдасын жасыруы мүмкін. Оларды кім бақылайды? Жаңа заң әлі шикі. Жүргізушілерге де тиімсіз. Мемлекет ең алдымен, сырт елден келген такси қызметін нарықтан жоюы тиіс. Олар салық төлемейді. Заңсыз жұмыс істейді.

Онлайн кассалық аппаратты енгізу - әлемдік тәжірибе. Мәселен, Еуропада такси жүргізушілері арнайы киім үлгісін киген, мұнтаздай таза салоны бар көлігімен діттеген жеріңізге жеткізіп салады. Әр жүріп өткен шақырымыңыз бен уақытыңыз есептеліп, жолаушы соған сай  ақы төлейді. Өкінішке қарай, отандық такси қызметінің сапасы әрі бағасы көңіл көншітпейтінін жұрт айтып та, жазып та жүр. Сондықтан халық үшін әзірге жол жиегіне тұра қалып, «жолшыбай көлік» тоқтатудан артығы болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.